Қалмақияда Украинадан әскер шығаруды талап етеді

Қалмақияда Украинадан әскер шығаруды талап етеді

Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ Республикасында айрат-қалмақтардың ұлттық өкілді органдарының отырысы өтті.

Отырыста”Украина халқына бейбітшілік пен бостандық үшін әділ күресте ынтымақ білдіру” туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Конгресс Ресей билігінен әскерді Украина аумағынан дереу шығаруды талап етті. Құжатқа қалмақ ұлттық қозғалысының төрт көшбасшысы қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың мамыр айында қалмақтар ФСБ тарапынан қуғын-сүргін жағдайында ұлттық сьезді өткізе алды, оған қалмақ қоғамдық ұйымдары мен қауымдастықтарынан 170 делегат келді. Содан кейін қалмақтар Ресей билігін жасырын этноцид жасады деп айыптады, ал Мәскеу тұтқындаулықпен жауап берді.

Қалмақтар-Еуропадағы жалғыз монғол тілді және буддалық халық, Қалмақияның байырғы халқы (Ресей Федерацися). Өз аты-хальмг, ойрат. Қалмақтардың жалпы саны- 180 мыңға жуық (Қалмақия тұрғындарының жалпы санынан 57, 4%).

Корреспондент